Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Ақсуат АПБ бөлім басшысы - Полиция бөліміндегі әділетсіздік | #17886

Жалоба / отзыв
Ақсуат АПБ бөлім басшысы
Полиция бөліміндегі әділетсіздік

ҚР ІІМ генерал лейтенант Марат Ахметжановқа
ҚР ІІМ Абай облысы ПД бастығы полиция генерал майоры Сұлтан Бектөреге
Ақсуат АПБ (бұрынғы Тарбағатай АПБ) ұжымы атынан Сіздерге келесідей келеңсіздіктерді жеткізгіміз келеді: Бөлім басшысы полиция полковнигі Е.Ж.Қаратаевпен және оның өзі сайлап алған бірінші орынбасары полиция подполковнигі Р.А.Жумажанов пен ЖПҚб бастығы полиция майоры Д.Сейтолданың атқарып отырған жұмыстарына көңіліміз толмайды. Нақтылап айтқанда Е.Ж.Қаратаев кәсібилігімен біліктілігі ұштаспаған басшы. Бір айда 30 күн болса оның 1 аптасында спирттік ішімдік ішіп алып үйінде жатады немесе жұмысқа масаң күйде келіп қол астындағы қызметкерлердің жеке бастарына және ар-намыстарына тиіп қорлайды. Ақсуат АПБ өзінің жеке меншік коммерциялық ұйымына айналдырған. Әр бір кадрды жұмысқа алар кезде білімі мен біліктілігіне емес қалтасының қалыңдылығына қарайды. Қәзіргі уақытта Ақсуат АПБ білімі төмен біліктіліктері жоқ қызметкерлер жұмыс істеуінің арқасында аудан көлемінде мал ұрлығы және тағы басқандай қылмыстардың саны артуы дәлел. Бөлім басшысы өзінің қол астындағы қызметкерлерді алалап бөлелеп қарайды. Бөлім ішінде алауыздық туып алақандай ұжым 2 бөлінген: біріншісі Е.Ж.Қаратаевтың сүйікті қызметкерлері әйелін бала-шағасын тасушылар, отын суын және етімен балығын тасып тылмен қамтамасыз етушілер, ал екіншісі ол кісінің көзқарасы бойынша өзінінің жеке басына ешқандай пайда әкелмейтін қызметкерлер (материалдық жағынан көмек бермейтін немесе танысы жоқтар).
Е.Ж.Қаратаев полиция бөліміне мемлекеттен бөлінген қызметтік автокөлік саймандары мен бензинды қызметкерлерге бермейді. Сұраған қызметкерлерге: өзің үлкен бір ауылдың учаскелік полиция инспекторы емессің ба? өзің саймандарыңды алып автокөлігіңді жүргізіп ал, бензинге жасай алмай жүрсіңбе? деп келемеждеп өзімізді парақорлыққа итермелейді. Сонымен қатар автокөлікке сайман, бензин сұрағандардың артына түсіп қудалап жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді.
Кезекті еңбек демалысын уақытылы бермей бірінші өзінің сүйікті қызметкерлеріне беріп қалғандарымызға әне шығасың, міне шығасың деп алдаусыратып берген күннің өзінде үзіп жарып толық бермей, еңбек демалысымызда жүрген уақытта шақыртып алып демалтпайды. Осыдан кейін бөлім ішінде береке бірлік азайып «Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ дегендей» жұмыс процесі тиісті деңгейде жүргізілмейді. Осындай басшының әділетсіздіктерінен кейін қалған жұмыс жасайтын біздердің көңіліміз су сепкендей басылады.
Ал бөлім басшысының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Р.А.Жумажановқа келетін болсақ ол кісі өзінше бір бастық жұмысқа көңілі түскен уақытта ғана келеді, қалған уақыттарында спирттік ішімдігін ішіп алып өзінің жеке меншік 3 шаруа қожалығында, дүкенінде немесе автошколында қызметтік уақытын өткізеді. Ол кісі полиция бөлімі жұмысын емес өз басының мүддесін жоғары қоятын кісі.
ЖПҚб бастығы полиция майоры Д.Сейтолда жас басшы субординация мен этикадан жұрдай, қол астындағы қызметкерлерге үнемі айғайлап ар-намысымызға тиетін сөздер айтып өзінің қызметтік лауазымын асыра пайдаланады. Ай сайын учаскелік полиция қызметкерлерінен ақша жинайды.
Жалпы бөлім ішінде ақша жинау жиі кездесетін құбылысқа айналған. Жоғарыда аталған басшылар бізбен жұмысты ары қарай жалғастыруы мүмкін емес. Осындай әділетсіздіктен шаршаған біздердің жан айқайымызға құлақ түрулеріңізді сұраймыз.
Біз Ақсуат АПБ ұжымы әділ жұмысты әділетті басшыны қалаймыз!

Жалоба-отзыв: Ақсуат АПБ бөлім басшысы - Полиция бөліміндегі әділетсіздік.  Фото №1  Жалоба-отзыв: Ақсуат АПБ бөлім басшысы - Полиция бөліміндегі әділетсіздік.  Фото №2  Жалоба-отзыв: Ақсуат АПБ бөлім басшысы - Полиция бөліміндегі әділетсіздік.  Фото №3  Жалоба-отзыв: Ақсуат АПБ бөлім басшысы - Полиция бөліміндегі әділетсіздік.  Фото №4 
Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс