Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған үкімет МЕАҚ төрағасына - Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарға арналған үкімет филиаының Істердің электрондық макеттерін бақылау және заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы және мекеме қызметкерлеріне қатысты шағым | #19622

Жалоба / отзыв
Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған үкімет МЕАҚ төрағасына
Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарға арналған үкімет филиаының Істердің электрондық макеттерін бақылау және заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы және мекеме қызметкерлеріне қатысты шағым

Құрметті Абдильдин Сүйеніш Түлеуханұы! Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарға арналған үкімет филиаының Істердің электрондық макеттерін бақылау және заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы және мекеме қызметкерлеріне қатысты шағым түсіргіміз келеді. Аталған басқарма басшысы Елена Бодрая өзінің ұлтшылдығымен танымал адам. Қазақтарды орыстардан төмендетіп тұрады. Ал мекеме қызметкерлері халықпен жұмыс жасауды мүлдем білмейді. Адамдармен сөйлесуді білмейді. Басқарма басшысы Е. Бодрая және оның қарамағындағы қызметкерлер халықпен дөрекі сөйлеседі, адам сыйлауды білмейді. Қандай да бір сұрақтармен тікелей өздеріне немесе қоңырау шалып хабарлассақ, мардымды жауапқа ие бола алмай, сарсаңға түсеміз. Осы кісілердің қылығына қарап сіз басқарып отырған Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған үкімет МЕАҚ-да жұмысқа қабылдаған кезде қарапайым этика мен эстетика бойынша талаптар қойылмайма деген сұрақтар туындайды. Е, Бодрая өзінің қайда жұмыс істеп отырғанын білмей қалатын сияқты кей кезде, тура бір өзінің жеке меншік мекемесінде жұмыс жасап отырғандай кейіп танытады. Өте бір ескеретін жәйт, бұл тек қазақтарға ғана қатысты. Біздің ойымызша Е.Бодрая бұл қылықтарымен басқарма басшысы болыға лайықты емес. Шығыс Қазақстан облысындағы азаматтарға арналған үкімет филиаының Істердің электрондық макеттерін бақылау және заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Е.Бодрая мен мекеме қызметкерлерінің үстінен қызметтік тексеріс жүргізіп, шара қолдануыңызды сұраймыз.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс