Жалобы и отзывы » Политика и гос. структуры » Жалоба / отзыв: Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы - Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына | #5526

Жалоба / отзыв
Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы
Шет аудандық прокурорының заңсыз шығарылған ұсынысына

Нұр Отан Партиясына

Ш АҒ Ы М

Қарағанды облысы Шет аудандық прокуроры Шет аудандық әкімі міндет міндетін атқару атқарушы Б.Т. Төлеуқұловқа № 2-0820-00623 санды 06.03. 2015 жылғы жасалған ұсынысын жолдап, онда төмендегі көрсетілген негіздер бойынша заң бұзушылықты жойып, олардың алдын алуды көрсеткен. Яғни,
1. 02.02.2015 жылғы «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі өткізетін «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер участкелерін жалға беру жөніндегі конкурстің» № 12 лот бойынша өткізілген конкурсын бұзып, қайта қарауды қарастыруды;
2. «Жер телімдерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру конкурстарын ұйымдастырудың нәтижесі негізінде 10 жылғы уақытша өтеулі пайдалануға жер телімдерін беру туралы» Шет ауданы әкімінің 20.02.2015 жылғы № 05/05 санды қаулысының күшін жоюды;
3. «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-мен Мурат Зикиринович Туткабековтің арасында жасалған «Жер участкесін жалға беру туралы» 10.02.2015 жылғы № 01 санды шартты сот арқылы бұзу мәселесін шешуді;
4. 4. Конкурстік комиссияның төрағасы Ш.Жүністі және «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы Б. Габдуллинді тиісті тәртіптік жауапкершілікке тартуды қарастыруды:

Шет аудандық прокурорының жоғарыда көрсетілген ұсынысын заңыз және төменде баяндалатын негіздер бойынша Шет аудандық әкімі мен жер комиссиясының шығарылып, күшіне енген заңды актілерін жоймай, алдағы уақытта қайталанбас үшін ескерту жасалынуы керек еді.
Себебі: 2005 жылы шыққан төменде баяндатЕреже ге байланысты Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 02.03.2005 жылғы № 165, Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 25.02.2005 жылғы № 24-ө бірлескен бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер участкелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің Ережесінің 2 тармағы 1 тармақшасына сәйкес конкурстік комиссия- аудандық жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, құрамына ауылдық округтардың әкімдері, басқа да жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, облыстардағы жер ресурстарын басқару өкілетті органдарының өкілдері және ауыл шаруашылығы бөлімшелері мамандары кіретін, құрамы 5 адамнан аспайтын, сондай-ақ қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы саласының аса білікті мамандары енгізілген сараптама тобы, тұрғылықты жұмыс істейтін алқалы орган.
02.02.2015 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер участкелерін жалға беру жөніндегі өткізілген конкурстің 5 комиссия мүшелері: комиссияның төрағасы Шет ауданы әкімінің орынбасары Ш.К. Жүніс, комиссия төрағасының орынбасары «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің басшысы м.а.Б.М. Габдуллин, комиссия мүшелері А.С. Тоқбалин Шет ауданы әкімнің бас инспектор-заңгері, Е.Р. Малтабар Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ММ-нің басшысының м.а. және Шет ауданы Батық ауылдық округінің әкімі Б. Рахимжанов. Комиссия хатшысы болып «Шет ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің бас маманы Е.А. Бабаханов отырған, сонымен қатар даулы жер участкесі орналасқан Шет ауылдық округінің әкімі Т.Ж. Беркімбаев қатынасқан.
02.02.2015 жылғы комиссия отырысы бойынша жасалған хаттамалар мазмұнына сәйкес, комиссия төрағасы, орынбасары және мүшелері ауыл шаруашылығы соның ішінде жер саласында білікті мамандары, олардың пікірлері және жасаған қортындысына сәйкес, № 12 лотқа қатынасқан 3 адам: Туткабеков М.З., Сериков М.К., Маясар Ә.Ә. конкурсқа тапсырған құжаттары оқылып, онда конкурс Ережесінің негізгі критерияларына сай келгендіктен және жерді тиімді пайдалануға, шаруашылық жүргізуге, игеруге толық мүмкіндігі бар, сонымен қоса жер участкесі орналасқан ауыл окуругінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндігі жоғары болғандықтан, мал басы мен техникасы бар, қосымша жұмыс орнын ашып, 4-5 адамға жұмыс беретіндігін ескеріп, /ол туралы конкурсқа өткізген құжаттар жиынтығында жеке жазған өтінішінің бар/, бизнес жоспар қортындыланып, мал өсіруге жері жоқ жаңадан шаруа қожалығын құрмақшы болып отырған мен Туткабеков М.З. басым дауыспен конкурс жеңімпазы атандым.
Ал, осы № 12 лотқа қатынасқандар Сериков М.К. мен Маясар Ә.Ә. комиссия мүшелерінің пікірлері бойынша және Ереженің 27 тармағы негізгі критериияларына сай келгенімен, ауыл шаруашылығы техникалары аз екендігі, жерді тиімді пайдалануға, шаруашылық жүргізуге, игеруге бизнес жоспарлары төмен болғандықтан жеңімпаз аталған жоқ.
Сонымен қатар, даулы жер участкесі орналасқан Шет ауылдық округінің әкімі Беркімбаев Ж.Т. отырысқа қатысып, № 12 лотқа қатысып отырған Сериков М.К. кезінде Шет ауылдық округінен алған жерін пайдаланбай, қайтадан мемлекеттік жер қорына өткізіп жібергенін, қазіргі кезде өзінің Қарағанды қаласында тұратындығын, 2 жыл бойы жер ала алмай жүрген Туткабеков М.З, осы конкурста басымдылығын айтып көрсеткен.
Яғни, № 12 лотқа қатынасқан 3 адамның бизнес жоспарлары комиссия отырысында талқыланып, бизнес жоспар жөнінде дау дамай туындамаған, болмаса басқа да сарапшылар қортынды жасайтындай Ереженің 2 тармағы 2 тармақшасында көрсетілген қажет болған жағдайлар болмаған, конкурсқа қатысушылардың бизнес жоспарлары жөніндегі мәселелер конкурстық комиссия мүшелерінің отырысында 02.02.20015 жылы толығымен шешілген, демек сараптама тобының көмегіне жүгінетіндей конкурстық комиссия жұмысында қажетті жағдайлар болмаған.
Осы баяндалған жағдайлар бойынша Шет аудандық прокурорының ұсынысында көрсетілген Ереженің 25 тармағы талаптары конкурстік комиссия тарапынан өрескел бұзылған, сараптамалық топ, қатысушылар ұсынған бизнес жоспардардағы есептердің негіздемесін және жер участкесінің тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің мүмкіндігін зерделейді және екі күннен кешіктірмей өз қортындысын конкурстық комиссияға ұсынады деген тұжырымдамасы заң талаптарын түсінбеушіліктен негізсіз беріліп отырған ұсыныс.
Аталған жағдайда сараптама тобына конкурсқа қатысушылардың бизнес жоспарларын зерделеуге беруге Ереженің талаптарына сәйкес ешқандай қажетті жағдайдар болмаған, конкурсқа қатысушылардың бизнес жоспарларын конкурс барысында комиссия мүшелері өздері толықтай қортынды жасап шешкен.
Шет аудандық прокурорының ұсынысында көрсетіліп отырған № 12 лотқа қатысушы адам Маясар Ә.Ә. 1990 жылдың орта кезінен бастап, шаруа қожалығын құрған, қазіргі кезде 4 500 га жері бар, бұл жер көлемі оның мал басы санына сәйкес келетін-келмейтіндігі прокурорлық тексеруден өтпеген, Прокурор ұсынысында керісінше Маясар Ә.Ә. өз бастамасымен көп жұмыс орынын ашуға. өндірістің көлемі мен салық аударымдарын өсіруге, ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға мүмкіндік туғызатындығын және ауыл шаруашылығы білімі мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс стажы бар екендігін ескермеген деп көрсеткен. 02.02.2015 жылғы жасалған № 2 хаттамаға сәйкес конкурстық комиссия отырысында барлық конкурсқа қатысушылар құжаттары тексерілген, егер прокурор ұсыныста көрсетілген жағдайлар орын алған болса, онда ол жағдайлар неге Ә.Ә. Маясардың конкурсқа тапсырған құжаттарында көрсетілмеген, керісінше комиссия оның бизнес жоспары өте төменгі дәрежеде жасалған деген пікірге келген ғой. Прокурорға жазылған арыз жан жақты тексеруден өтіп барып, содан соң прокурорлық актілер қабылдану керек. Бұл жерде прокурордың арызданушылар М.К. Сериков пен Ә.Ә. Маясардың жағдайын қолдап, 1 ай бойы тексерген тексерісінің қортындысы заңсыз жазылған ұсынысымен бекіп отыр.
Сонымен қатар прокурордың бұл тексерісі заңсыз жасалынған тексеріс. Себебі Ереженің 6.1 тармағына сәйкес аталған комиссия шешімі прокурор органдары емес, тек сот арылы шешілуге жатады.
Сонда ол адамға, яғни Ә.Ә. Маясарға тағы да жер телімі қосымша беріліп, жаңадан құрылмақшы болып отырған, қазіргі кезде отбасында 5 мүшесі бар ұзақ уақыт жұмыс таппай жүрген Монғолия жерінен келген қандастарымыз Хакпанбай К. Мен Тохтархан Ж. атты жұмыскерлерге еңбек шартымен 3 жыл бойы жұмыс тауып беріп отырған маған жер телімін беру жөніндегі конкурс қортындысы мен Шет ауданы әкімінің 20.02.20015 жылғы қаулысы неге күшін жою керек.
Жоғарыда аталған Ереженің 27 тармағы талаптарына сәйкес негізінен жер алмай, шаруа қожалығын құрмай тұрып, жұмыс орнын ашып, адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 стратегиясында көрсетілгендей, жер алып, шаруа қожалығын құрып, жаңадан кіші кәсіпкерлікті ашайын деп отырмын. Олай болса, Шет аудандық прокурорының мемлекеттік саясатқа қарсы шығуы түсініксіз жағдай.
Конкурстің комиссия жеңімпаздарды анықтағанда Ереженің 28 тармағы талаптарына сәйкес ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурстік өткізу кезінде бұрын жер участкелері болмаған Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Ереженің 27 тармағында белгіленген критериялар болған жағдайда жер телімі беріледі.
Ереженің 27 тармағында көрсетілген жаңадан жұмыс орынын ашу керектігі менің құжаттарымда бар, ол жөнінде Шет аудандық прокуратурасында тексерілуде болған Кахпанбай К. Мен Тохтархан Ж. өтініші мен еңбек келісім шарты бекітеді, яғни мен осыдан 3 жыл бұрын жұмыс орынын ашқан болатынмын, жер алсам, тағы да жұмыс орынын ашамын деп отырмын және менің де жоғарғы білімімімен қатар, ауылшаруашылық саласында білімім бар. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы кәсіптік техникалық училищеде тракторшы мамандығын алып, ауыл шаруашылығында тракторшы болып жұмыс атқардым. Менің жұмысшыларым Кахпанбай К. мен Тохтархан Ж. прокурорға жазған өтініштеріне жауап та берілген жоқ.
Қазақстан Республикасында заң талаптарының дұрыс орындалуын қадағалайтын мемлекеттік орган – Шет аудандық прокуратурасы 02.02.2015 жылғы Шет ауданында жүргізілген жер участкелерін жалға беру жөніндегі конкурстық комиссиясының отырысының конкурс жеңімпаздарын анықтау қортындысы хаттамасында көрсетілген № 12 лот бойынша қатынасқан тек 3 адамның Туткабеков М.З., Сериков М.К., Маясар Ә.Ә. қатысты ғана емес, басқа №№ 90, 1.2, 22, 18 лоттар туралы мәселені, жалпы конкурстің заңсыз өткендігін көрсетіп, неге олар бойынша да конкурстің өтуін заңсыз деп табуды сұрамаған, прокурордың пікірі бойынша ол лоттардың өтуі де Ереженің 25 бабы талаптары бұзылып, сараптама тобы оларға да бизнес жоспарын тексеріп қортынды жасамаған ғой.
Дегенмен конкурс өтті, конкурсқа түскен алты лот бойынша комиссия ашық дауыс беру арқылы қортындысын шығарды, әрі қарай тиісті мемлекеттік құжаттар да қабылданды.
Ереже талаптарына сәйкес конкурс қортындысын бұзу жөнінде ешқандай негіздер көрсетілмеген.
Сол себепті Шет аудандық прокурорының Шет аудандық әкіміне ұсыныс беріп, 02.02.2015 жылғы болған конкурс қортындысын заңсыз оны бұзып қайта қарау және сол негізде шыққан Шет ауданы әкімінің № 05/05 20.02.2015 жылғы қаулысы, 10.02.2015 жылғы № 01 жер телімін беру жөніндегі шартты бұзу туралы ұсынысы негізсіз.
06.03.2015 жылғы № 2- 0820-15-00628 санды прокурордың ұсынымы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 02.03.2005 жылғы № 165 санды, Қазақстан Республикасы Жер Ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 25.02.2005 жылғы № 24-ө бірлескен бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер участкелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің Ережесі талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз шығарылған прокурорлық акт.
Осы айтылған негіздерде прокурордың ұсынысының күшін жоюды сұраймын.
02.02.2015 жылы болған жер телімін алу жөніндегі конкурс бойынша мен жеңімпаз аталғаныммен, Ереженің 32 тармағына сәйкес 10 күн ішінде жергілікті басылымда басқа жеңімпаздар қаратарында жеңімпаз екендігім басылып шықпады, себебі: конкурс комиссиясының төрағасы әрі Шет ауданының әкімінің орынбасары Ш.Жунус өзінің жақындары Сериков М. мен А. Маясарға жерді бергісі келіп, менің конкурсқа түсуіме бар күшін салып қарсы болды, себебі: оларды жоғарыда отырған көкелері қолдады. Шет ауданы әкімінің орынбасары Ш. Жунусты қолдап, өзара келісіп, алдымен Сериков М. прокурордың атына әдейі арыз жаздырып, содан прокурор 06.02.2015 жылы акті жасап Шет ауданы жер қатынастары бөлімінен тиесілі жерге қатынасты құжаттарды тегіс алып кетіп, жоғарыда көосетілген адамдарға қалай да жерді әперу мақсатында олдарды қолдап отырған кезде, мен 112 бағдарлама бойынша телевизор арқылы 18.02.2015 жылы шағым жасаған күннің ертеңіне аудандық прокурор акті арқылы 06.02.2015 жылы алып кеткен барлық құжаттарды және актіні кері қайтарып алып кеткеннен кейін менің құжаттарым реттелді. Бірақ кейін А. Маясарға қайтадан арыз жаздырып, жоғарыда көрсетілген заңсыз ұсынысты прокурор жасады. Заңдылықты қорғайтын мемлекеттегі тұлға прокурор не себепті жаңадан құрылып, жұмыс орынын ашып, шағын кәсіп ашайын деп отырған адамға осыншама кедергі жасауы, яғни Президенттің 2020 бағдарласына қарсы жұмыс жасауы, Президенттің сайлауы қарсаңында әдейі жасалып отырған әрекет деп санаймын.
Менімен қатар конкурсқа түскен М. Сериковтің бұрын шаруашылығы болып, ол жұмыс жасамай, жерді мемлекетке қайтарып тапсырып, Қарағанды қаласына көшіп кетіп, сол жерде еңбек етеді. Екінші адам А.Маясар қазіргі кезде 1996 жылдары шаруа қожалығын құрған, 4500 га жер телімі бар адам.
Жоғарыда айтылғандар негізінде.

С Ұ Р А Й Т Ы Н Ы М :

Менің осы шағымым бойынша тиесілі органдарға тексеріс жасатып, Шет аудандық прокурорының заңсыз жасап отырған іс әрекетінен қорғауды және тиесілі шара қолдануды.

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс