Менің ағам, яғни Курбанов Сатыбалды Жуламанович Атырау қаласының тубболницасында ақпан айынан бастап ашық туберкулезден емделді. Ол кісіні емі аяқталды, енді Ганюшкино санаториясына дем алуға әрі емін жалғастырады деп 1 айға жіберді. Ем кезінде 3 түрлі дәрі қабылдаған. Дәрі жақпай үсті қышып мазасы кеткен. Аурудың ашық туберкулез екенін біле тұра дәрігер оны аяқтай дерматологқа жіберген. Атырау мен Ганюшкиноның ортасына барып келу үшін таксимен екі барып, екі келді. Ол жақта қабылдамағасын оны Махамбет селосына жіберді. Махамбетке телефонмен хабарласқанда олар 4 категориялы ауруды ғана қабылдаймыз деп ауруды кері қайтарады. Осылай 2 группаға жататын ашық туберкулез адам барып-келіп әбден шаршап жүр. Шұғыл түрде шара қолдануларыңызды сұраймын.
0 комментариев