Жалобы и отзывы » Здоровье и медицина » Жалоба / отзыв: Министерство здравоохранения РК - 10 поликлиника | #8609

Жалоба / отзыв
Министерство здравоохранения РК
10 поликлиника

Мен 10 емхананың балалар бөлімшесіне шағым түсіремін. Менің балам Мәдәлі Айсана 20.07.2015ж туылған, дисплазия диагнозы бойынша үш айлығынан бастап тіркеуде тұр. Бірақ ортопедке, невропатологқа үнемі жазыла алмаймыз. Әр айдың 25-сі педиаторға жазылу үшін барсақ, жазылуға орын жоқ екенін естіп, шараның жоқтығынан келесі айды күтуді жөн көреміз. Өкінішке орай келесі айда дәл осындай жағдай орын алады, себебі таңертең бірінші келген участоктың педиаторы толтырып қойған. Ал таңертең ерте барып жазылайын десең, " жазылым әлі шыққан жоқ немесе өзіңіздің педиаторыңыз жазады " - деп қабылдамайды. Неге жазылуды тіркеу бөлімі жүргізбейді? Сонда әділдік болар еді.
Осындай проблема салдарынан, баламның бес айында бару керек невропатологқа үш ай бойы жазыла алмай, дәрігердің өзіне баруды ұйғардым. 23 ақпан 2016ж, сағат 15:00 де 356 кабинетке невропатолог Елшыбаева Айгуль Сериковнаға кіріп, бар жағдайды түсіндіріп айттым. Ол кісі жазылып келетіндермен қатар, кезекке тұратын екі-үш кісіні қабылдайтынын айтты. Сол сәтті пайдаланып, мені де қабылдауын сұрап едім, бүгін болмайтынын айтты, бірақ не себепті екенін түсіндірмеді. Кезекте де кісі аз болатын. 24, 25 ақпан күндері емізулі баламмен кезекте отырып, тағы кіре алмадым. 26 ақпан сағат 14:00 келіп тағы кезекке тұрдым, алдымда 3-4 кісі болды, менің кезегім келгенге дейін ешкім кезекке тұрмады, жазылып келгендер де болмады. Мейірбикесі шығып: "бүгін кезекке тұрғандарды қабылдай алмайды" - деді, мен: үшінші күн кіре алмай жүрмін" - деп жағдайымды айтып едім, "кассаға ақша төлеп, ақылы кірсеңіз болады" деп жанашырлық кейіп танытқан болды, мен келіспейтінімді айтып едім, кіріп кетті. Кезегім келді, кірсем, дәрігер қабылдамайтынын ашумен жеткізді. Мен: " менен кейін ешкім жоқ, қабылдаңызшы" - деп өтіндім. Ол кісі қабылдамаудың айласын асырмақ болып, дауласып тұрып алды, онысынан еш нәтиже шықпаған соң, дөрекілік көрсетті. "Ақ xалатты, абзал жан" деп айтуға тілім бармайды. Менің шықпайтыныма көзі жеткен дәрігер, мейірбикесіне: "келесі бөлмеге апар" - деп бұйырды. Мейірбикесі: "балаңызды шешіндіре беріңіз" - деп шығып кетті. Дәрігер көңіл-күйі болмай кірді де, бір минутқа жетер-жетпес қарады да, тіл қатпастан шығып кетті. Жалаңаш күйдегі балам екеуміз дәрігер қайтып келер деген үмітпен күтіп отыра бердік. Басқа дәрігерлер баламды басынан аяғына дейін асықпай қарап, сөйлесетін. Біршама уақыт өтті, балам тона бастаған соң киіндіріп, шығуға ыңғайландым. Кабинетіне барсам, компьютерде қорытынды жазып отыр. " Қарап болғаныңызды неге айтпайсыз " - десем, маған көз қырын салмастан: " мен өз жұмысымды бітірдім" - деп дөрекі жауап берді. Мен ашуланып, дәрігерлік міндетін дұрыс атқаруын талап етіп едім, ызасы келіп мені балағаттады (Сен мына түріңмен балаңа кандай тәрбие бересің? Сен қандай келінсің? Енең саған қалай шыдайды? т.б... Ол кісінің мені қорлауға қандай құқығы бар? Бұл не деген масқара? Қайда дәрігерлік мейірім? Өз міндетін неге дұрыс атқармайды?
Баламның диагнозын қойғаннан кейін, мені "басқа невропатологқа тіркеуге тұрсаңыз болады" деп, басқаға сілтеп жатыр. Ол не сұмдық? Не басынғандық? Ол кісі тұрғанда, мен неге ақылы дәрігерге тіркелуім керек? Менің таңдауыма неге араласады?
Мені қорлағаны үшін, балама атүсті қарағаны үшін, жұмысын дұрыс атқармағаны үшін 10 емxананың балаларды қарайтын невропатолог Елшыбаева Айгуль Сериковнаға қандай да бір шара қолдануларыңызды өтініп сұраймын!
Шынымды айтсам, өзімді Елшыбаева А.С-дан қайыр сұрап барғандай сезіндім.
Менің шағымымды жауапсыз қалдырмайсыздар деген үміттемін!
Телефон номерім 87761058888
Жакупбекова Жадыра

Дата публикации:


0 комментариев

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Пожалуйста, зарегистрируйтесь на сайте, это займет несколько секунд.




Быстрая регистрация через соцсети:
Войти через FacebookВойти через Google+Войти через ВКонтактеВойти через Яндекс