Шағымдану себебім, қоқыс алып кетумен айналысатын ТОО "СУЛТАНКАЗЫ" ұйымы Тараз қаласы, Ниеткалиева 68 үй мекен-жайы бойынша тұратын әжемнің үйінен шығарып қойған қоқысты алып кетуден бас тартқан. Себебін сұраса "бұндай қоқысты (куриный помет) алып кетуге тиісті емеспіз" -деп, дөрекі жауап қайтарған. Қызметтің әр ай сайынғы төлемі кешіктірмей төленген. Неге олар алып кетпеуі керек? Тиісті органдар, қала әкімшілігі осы жағдай бойынша заң аясында толық түсіндірме беріп, жағдайды шешуіңізді сұраймын!
0 комментариев